Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Қазақстанда «5-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда болады

414
Spread the love

Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру бағытында халықтың кірісі анықтаушы фактор болатын тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізілуде.

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, онда бес түрлі міндет – тұрғын үй саясатын жүзеге асырудан бастап, азаматтарды ауыз сумен қамтамасыз етуге дейін көзделген, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. Бұл туралы үкімет отырысында Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат». Law.kz .

– 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламада бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру, халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту, тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және жаңарту, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру, Атамқұлов айтты.

Оның айтуынша, «Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру» бірінші міндеті аясында тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізілуде. Халықтың табысы анықтаушы фактор болмақ.

– Отбасының бір мүшесіне бір күнкөріс минимумына дейінгі табысы бар кезекте тұрғандар өтеусіз жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. «Бақытты отбасы» бағдарламасы табысы екі күнкөріс деңгейіне дейін кезекте тұрғандар үшін қолжетімді болады. Кірісі 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін кезекте тұрғандар «5-20-25» бағдарламасы бойынша несиелік баспана алу үшін әкімдіктерге өтініш бере алады. Табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары азаматтар үшін «7-20-25» бағдарламасы қолжетімді. Табысы 5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары адамдар бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарық өнімдерін пайдалана алады, – деді министр.

Ол баспана алудың ашықтығын және бірыңғай есепке алу жүйесін қамтамасыз ету мақсатында кезекте тұрған адамдардың Бірыңғай республикалық деректер базасы енгізіліп жатқанын айтты.

– Бұл дерекқордың деректері кезекте тұрғандардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін анықтау үшін пайдаланылады, бұл мемлекеттік қолдаудың атаулылығын және мемлекет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, – деді МИИР басшысы.

Бөлісу: