Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Шымкентте мемлекеттік тұрғын үйді бөлу кезінде қателік ықтималдығы алынып тасталды

211
Spread the love

Оңтүстік Қазақстан облысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы 7 бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Цифрландыру жүйесі білім, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті.

Оның айтуынша, заманауи технологиялардың көмегімен тың бастамаларды жүзеге асыру қазірдің өзінде оң нәтиже беруде. Мәселен, білім беру саласындағы үдерістерді автоматтандырудың арқасында баланы балабақшаға қабылдау және жолдама беру процесі адамның қатысуынсыз жүзеге асырылуда. Бұл ретте 718 мұғалім осы жүйе арқылы өз өтініштерін жолдап, нәтижесінде 495-і жұмысқа орналастырылды.

Облысымызда алғаш рет Республикада ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету саласында арнайы бөлім құрылды. Мақсат – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электронды түрге көшіру», – деді Есқараев.

Айта кету керек, жаңа жоба тұрғын үй секторына да енгізілген. Себебі, тұрғын үй бөлу мәселесі халық арасында қашанда өзекті. Нәтижесінде пәтерлерді бөлудің «Тұрғын үй қатынастары» автоматтандырылған жүйесі енгізілді, бұл заңсыз шешім қабылдау мүмкіндігін болдырмайды.

Нәтижесінде өтініштерді қараудың орташа уақыты 2 айдан 20 күнге дейін қысқарды. Осымен қатар ауыл шаруашылығы саласына енгізілген автоматтандыру жүйесі оң нәтиже беруде. Мысалы, роботтардың арқасында Бөрте сүт фермасы Милка сапалы өнім шығарады. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Ақылды жайылым» және «Ақылды суару» жобалары жүзеге асырылмақ.

Пилоттық жобалардан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, туризм, мемлекеттік қызмет көрсету, мұрағат салаларында да заманауи технологиялар сынақтан өтуде.

Бөлісу: