Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Қазақстан Республикасында 2%-дық ипотека: оны кім және қандай шарттармен ала алады

550
Spread the love

2023 жылы Қазақстан бойынша 6 мыңға жуық отбасы жылдық 2 пайызбен пәтер алады, атап айтқанда 5 880. Олардың барлығы «Отбасы банкінде» кезекте тұрғандар және «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылар.

Нақты кімге жеңілдікті шарттармен баспана беріледі:

  • Көп балалы отбасылар;
  • Толық емес отбасылар;
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

Қатысушылар тізімін «Отбасы Банкі» 2022 жылдың 20 маусымы мен 19 шілдесі аралығында берілген өтініштер негізінде қалыптастырды. Бұл тізімге енген алматылықтар үшін қазірдің өзінде Түрксіб ауданы, «Жас қанат» шағын ауданында орналасқан 905 пәтер бөлінді.

Қазақстан жалға алуды субсидиялау бағдарламасы бойынша өтінім беруді жеделдеді

Бағдарлама шарттары төмендегідей:

  • 10% – бастапқы жарна;
  • 15 млн теңге – несиенің ең жоғары сомасы;
  • 2% – жылдық пайыздық мөлшерлеме.

Мүлік қымбатырақ болса, айырмашылықты өз қаражатыңыздан төлей аласыз.

Өтінімдерді келесі қабылдау күні әлі белгісіз, бірақ банк қатысу тізімі жетім балалармен, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектермен толықтырылатынын растады.

Бөлісу: