7-20-25 бағдарламасының шарттары өзектілігін жоғалтады — сенатор

7-20-25 бағдарламасының шарттары өзектілігін жоғалтады — сенатор

25 ноября 2022

924


Қазақстанның ипотекалық бағдарламалары халық үшін қолжетімді емес. Бұл туралы тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған «Үкімет сағатында» сенатор Дәурен ӘДІЛБЕКОВ айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Экспресс К.

– Мемлекеттік бағдарламалар болғанымен, қазақстандықтардың жеке баспана сатып алуы қолжетімсіз күйінде қалып отыр. Сыйақы мөлшерлемесінің диапазоны «Отбасы Банкі» АҚ-да жылдық 3,5-7%-дан 19%-ға және одан жоғарыға дейін, еліміздің ипотекалық портфелінің 35%-дан астамын құрайтын екінші деңгейлі банктердің коммерциялық бағдарламалары бойынша, деді сенатор.

«7-20-25» бағдарламасы қазақстандықтар арасында белгілі бір танымалдылыққа ие, бірақ бүгінде сарапшылардың пікірінше, бағдарламаның қолайлы шарттары өзектілігін жоғалтып жатыр, деп атап өтті Дәурен ӘДІЛБЕКОВ.

7-20-25-тің негізгі шектеуі — тұрғын үй құнының төмендігі және тек бастапқы нарыққа назар аудару. Бұл бағдарлама бойынша қайталама нарықта объектілерді сатып алу мүмкін емес, бұл таңдауды айтарлықтай шектейді,

деп мәлімдеді сенатор.

Поделиться статьей:

25 ноября 2022

924

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу