Image
Нарық жаңалықтары
Бөлісу:

2 пайызбен танымал ипотека енді жаңа санаттағы азаматтарға қолжетімді

270
Spread the love

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тұрғын үйге аса мұқтаж азаматтардың ең осал санаттары анықталды, енді олар да «Бақытты отбасы» жеңілдетілген ипотекаға өтініш бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Экспресс К.

Азаматтардың осындай 4 санаты бар:

  • I және II топтағы мүгедектер;
  • Көп балалы отбасылар;
  • Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар;
  • Жетімдер.

Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының барлық азаматтары 2%-бен, ал кезекте тұрған басқа адамдар 5%-бен ипотекаға қол жеткізе алады. Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10% құрайды, несие мерзімі 20 жыл.

https://info.homsters.kz/kvartira-v-ipoteku-online-za-3-8-chasov-teper-eto-realno/

– І және ІІ топтағы мүгедектер төрт жылдан бері министрлікке, жеке маған «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуды сұрап, бізге хат жазып жүр. Бұл әділ деп есептейміз, өйткені олардың қосымша табыс алу мүмкіндігі аз. Сондықтан соңғы өзгерістердің қатарында толық емес отбасылар «Шаңырақ» бағдарламасына қатысып, мүгедектер «Бақытты отбасы» қатарына қосылды, деді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат ИБРАГИМОВА брифингте.

Бұрын жазылғандай, енді «Бақытты отбасы» бағдарламасында табысқа шектеу қойылмайды.

Бөлісу: