Нұр-Сұлтандағы мектептердің құрылысына 17 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді
Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы елордадағы 20 мектептің жобалануын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Арсен Жанғасқанов мәлім етті, береді Қазақстан құрылысшылар одағының телеграм каналы.
Жыл басынан бері құрылыс нысандарында 615 құқық бұзушылық тіркелген
«Биыл мектеп құрылысына 16,9 млрд теңге бөлінді. 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр, 5 мектептің жобасын аяқтауды жоспарлап отырмыз. 20 мектепті жобалай бастағанда қолдау көрсетіп, 12 миллион теңге бөлуіңізді сұраймыз. Исатай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысына жақын жердегі мектеп құрылысын атап өткім келеді. Жер бөлінді. Биыл жобаны аяқтасақ, келесі жылы мектеп құрылысын бастаймыз», – деді Арсен Жанғасқанов мәслихат отырысында. Оның айтуынша, мәдениет нысандарын дамытуға 388 млн теңге бөлінген.
Басқарма басшысы мәслихат депутаттарынан Бозоқ ұлттық паркінің жобасын аяқтау үшін қосымша 46 миллион теңге бөлуді сұрады.
Мектеп жанындағы пәтерді қайдан сатып алуға болады: Алматы мен Нұр-Сұлтандағы жаңа ғимараттар