Сенаторлар әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға арналған заң жобасын қарайды

Сенаторлар әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға арналған заң жобасын қарайды

28 февраля 2022

326


Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда 2022 жылғы 3 наурызға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі .

Палатаның кезекті отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әскери қызметі және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауды жоспарлап отыр.

Заң жобасының мақсаты арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық жағдайын жақсарту, оларға және олардың отбасы мүшелеріне тұрғын үйге құқықтарын жүзеге асыруда тең мүмкіндіктер орнату болып табылады. Сондай-ақ заң жобасы әскери қызмет туралы заңнамадағы қайшылықтар мен олқылықтарды жояды.

 

Сонымен қатар оқыңыз:

«Әскери баспана» әскерилерге арналған ипотека: несиелеу шарттары

Қор теңгедегі депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелерді көтереді

Ұлттық банк теңгенің құлдырауы тұсында базалық мөлшерлемені күрт көтерді

Поделиться статьей:

28 февраля 2022

326

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу