Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Нұр-Сұлтанда «Елорда жастары» бағдарламасына қатысуға 1000-ға жуық өтініш келіп түсті.

267
Spread the love

Нұр-Сұлтанда биылдан бастау алған «Елорда жастары» бағдарламасына мүше болғысы келетін жастардың қатары күн санап артып келеді. Бүгінге дейін астаналықтардан 1000-ға жуық өтініш түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдер 21 қазан күні сағат 23:59-да аяқталды.

Бұл бағдарлама 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда) астана тұрғындарына арналған. Белгілі бір қызмет саласына қатысы жоқ, бірақ Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жетім балалар» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар да қатыса алады.

«Елорда жастары» бағдарламасының барлық шарттары туралы мына сілтемеден оқыңыз:

«Елорда жастары» – Нұр-Сұлтан тұрғындарын жеңілдікпен несиелеудің жаңа бағдарламасы

Қызмет саласы бойынша бағдарламаға үміткерлердің саны келесідей:

  • Денсаулық сақтау саласына өтініш білдіргендердің саны – 266;
  • білім – 227;
  • мәдениет – 52;
  • спорт – 20;
  • жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері – 69;
  • әлеуметтік қызметкерлер – 57;
  • БАҚ қызметкерлері – 49;
  • коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелер – 126;
  • жетім балалар – 10;
  • полиция қызметкерлері – 35;
  • қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері – 43.

Қазақстанда жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың интегралды шарттары әзірленетін болады

Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің бұл бағдарламасын жүзеге асыруға әкімдіктің 2021-2023 жылдарға арналған «Елорда жастары» бағдарламасы септігін тигізетінін айта кеткен жөн. «Елорда жастары» бағдарламасы жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге, соның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, «Елорда жастары» бағдарламасында да білім беру, жұмыспен қамту, бос уақытты ұйымдастыру және т.б бағыттар бар.

Дереккөз: astana.gov.kz

Homsters Telegram

Бөлісу: