Нұр-Сұлтанда жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы басталады
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында жастарды баспанамен қамту мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Біз қаланы дамытудың және өмір сүруге жайлы жағдай жасаудың негізгі мәселелерін талқыладық. Мен екі бағытқа қысқаша тоқталғым келеді: «Елорда жастары» жастар бағдарламасы және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жағдай жасау.
Өткен жылы волонтерлармен, жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесулерде олар «Елорда жастары» бағдарламасының тұжырымдамасын әзірледі. Онда сапалы және қолжетімді білім беру, жұмысқа орналасуға және жастардың кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, кәсіптік бағдар беру, бос уақытты өткізу, салауатты өмір салтын сақтау және т.б. негізгі бағыттарды көрсетті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғын үй мәселесі біздің «Елорда жастары» бағдарламамыздың тірегі болып табылады. Биыл елордада жас мамандарды жеңілдетілген әлеуметтік несиелендірудің арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұнда Бағдарламаға 36 жасқа дейінгі жастар қатыса алады (жұбайының жасы маңызды емес). Бір жылдан кем емес астаналық тұруға ықтиярхаттың болуы қажет, бағдарламаға үміткердің жеке баспанасы болмауы керек. Жұмыс тәжірибесі – кемінде 1 жыл.
Осылайша, аталған тұрғын үй бағдарламасына қатысушы тұрғын үй сатып алу үшін 13 миллион теңгеге дейін несие ала алады. (жылдық 5% жеңілдікпен). Сатып алынатын тұрғын үйдің құны шексіз.
Сонымен қатар, биыл да Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін баспана» бағдарламасы жалғасын таппақ. Осы бағдарлама аясында жыл соңына дейін 1000-нан астам жас баспана алады!
Тоқтала кеткім келетін екінші бағыт – тұрғындарға жағдай жасау мүмкіндіктері шектеулі. Қалада бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда, соның ішінде «Келерсіз келешек». Бұл жоба арқылы 12 бейімдеу секциялары ашылды, республикалық емханаларға квота бөлінді, мүгедектерге арбалар берілді, т.б.
Сонымен қатар, біз қалада бірқатар әлеуметтік нысандарды да салып жатырмыз: оңалту орталықтары, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша, Паралимпиадалық дайындық орталығымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенін саламыз және т.б.
Мәселен, өткен жылы Тұңғыш Президент қоры мен «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен No1 қалалық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ бірқатар оңалту орталықтары ашылды, оларда церебральды сал ауруы, аутизм, Даун синдромы және т.б. диагнозы бар балаларды оңалтумен айналысады.
Бұл сұрақтар ел басшылығының бақылауында», – деп жазды елорда әкімі.
Дереккөз: astana.gov.kz