«Бақытты отбасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы: қай үміткерлер басымдыққа ие
«Отбасы Банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Бақытты отбасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша өтінімдерді таңдаудың басымдығы туралы айтты.
«Енді әр өңірде тіркелген күні бойынша сол санаттар мен бірінші тіркелген отбасылар іріктеледі. Яғни, біз 2000-шы жылдардың басынан бастап, тіркелген жылына байланысты осы отбасылардың барлығын ажырата алатын суретті аламыз. Содан кейін төлем қабілеттілігін бағалауды бастаймыз», – деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осылайша, оның айтуынша, әлеуметтік әділеттілік принципі сақталады. «Кім бірінші кезекте тұрса, сол жеңілдетілген несиені алу мүмкіндігін бірінші болып алады. Естеріңізге сала кетейін, бізде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, қала маңындағы аудандарда, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында ең жоғары 15 миллион теңге бар. Басқа аймақтарда – 10 млн теңге», – деп түйіндеді «Отбасы банкі» басшысы.
https://info.homsters.kz/priem-zayavok-po-programme-bakytty-otbasy-v-2021-godu-chto-changelos/
Дереккөз: inform.kz