Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Алматыда биыл 452 көп балалы отбасы баспаналы болмақ

258
Spread the love

Алматы қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров 2021 жылы қанша көп балалы отбасы баспаналы болатынын айтты.

Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру үшін 2021 жылы «көп балалы отбасы» санатында мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтарға тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарна енгізу үшін 1 млн теңге сомасында 2000 қайтарымсыз тұрғын үй сертификатын беру жоспарлануда. «, «мүгедек баласы бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы», «I және II топтағы мүгедектер», «жетім балалар», – деді Ермек Әміров.

Оның айтуынша, 2020 жылы 365 пәтер көп балалы отбасыларға, 743 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобының басқа санаттарына берілді. Барлығы 2926 пәтер берілді.

Биыл тағы 7918 азаматты баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда, оның ішінде:

  • 879 – коммуналдық тұрғын үй қорынан (427 – СУСН, 452 – көп балалы отбасы);
  • 4 989 – кезекте тұрғандар үшін жеңілдетілген несие бағдарламалары («Шаңырақ» – 3578, несиелік тұрғын үй – 1411);
  • 2050 – жастарға арналған бағдарламалар («Алматы жастары» арқылы несиелеу – 1000, жұмыс істейтін жастар үшін өтеу құқығынсыз жалға алу – 1050).

«Алматы жастары» несие сомасын 18 миллион теңгеге дейін арттырды.

Дереккөз: law.kz

Бөлісу: