Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Қазақстандықтар баспана сатып алуға және емделуге БЖЗҚ қаражатын бірнеше рет ала алады

328
Spread the love

Мұндай мүмкіндік Еңбек министрлігі жариялаған барлық талаптарға сай келетін азаматтарға беріледі.

Қазақстандықтар БЖЗҚ шотынан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бірнеше рет ала алады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

Оның айтуынша, үш санаттағы азаматтар жинақтарының бір бөлігін Бірыңғай зейнетақы қорынан алу құқығын пайдалана алады:

  • зейнетақы жинақтары бар еңбекке қабілетті жастағы азаматтар – «жеткіліктілік шегі» деп аталатын мөлшерден асатын соманың бір бөлігі (шамамен 529,7 мың адам);
  • БЖЗҚ-да жинақтары бар еңбек сіңірген зейнеткерлерге – қалған соманың 50%-ға дейін (шамамен 178,4 мың адам);

Осы санаттағы азаматтар үшін зейнетақының жиынтық мөлшері (зейнеткерлік зейнетақыны, базалық зейнетақыны және БЖЗҚ-дан төленетін төлемдерді қоса алғанда) жоғалған табыс сомасының (бұрын алған жалақысы) кемінде 40%-ын құрауы тиіс.

  • zeinetaqi annuitetin bergen jane ali de jinaqtary bar azamattar – BZhZQ-da қалған сома (шамамен 13,3 мың адам).

Homsters в Telegram

«Белгiленген талаптар орындалған жағдайда, алу санына шектеу қойылмайды, яғни азаматтардың зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн сол немесе басқа мақсатқа қайта пайдалануға рұқсат етiледi» », – деді министр.

Тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттарын атады

Біржан Нұрымбетов қазақстандықтар БЖЗҚ қаражатын тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ емделуге пайдалана алатынын атап өтті.

Бұған дейін Еңбек министрлігінің басшысы азаматтардың зейнетақы қорларының бір бөлігін алудың шекті мөлшері жасына қарай 2,5 миллион теңгеден 5,5 миллион теңгеге дейін болатынын айтқан болатын.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті 1 қыркүйекте халыққа жолдауында зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына беруге жұмсау туралы шешім қабылдаған болатын.

Дереккөз: satelliteneshs.kz

Бөлісу: