Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан тұрғындары әлеуметтік пәтерлердің кілттерін табыс етті

250
Spread the love

Нұр-Сұлтан қаласының жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 250 салымшысы және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан кезекте тұрғандар алды.

Конституция күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік пәтерлердің кілттері табыс етілді. Жаңа тұрғын үй кешеніндегі 250 пәтер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жобаларына түскен кезекте тұрғандарға үлестірілді.

«Бүгін барлығымыз үшін айтулы күн. Негізгі Заңымыз – Конституциямыздың 25 жылдығы қарсаңында сіздер пәтерлеріңіздің кілтін алып жатырсыздар. Құрылыс саласында қолжетімді баспана салу өте маңызды. Елбасы бекіткен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жыл сайын мыңдаған отбасы көптен күткен баспанаға қол жеткізіп жатыр» , – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов салтанатты шарадағы құттықтау сөзінде.

Жителям Нур-Султана вручили ключи от социальных квартир

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге ұлғайып, сегіз мыңнан астам отбасы пәтер алды.

Пәтерлер кезек бойынша бөлінеді. Әлеуметтік тұрғын үй әлеуметтік жағынан осал санатқа арналған, бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар, жетім балалар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, көп балалы отбасылар және басқалары. Келесі аптаның соңында тағы мың әлеуметтік пәтерді жалға береміз» , – деп нақтылады Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп, қолжетімді баспана алушылардың санаттарының тізімін кеңейту туралы шешім қабылданған. Бұл бағдарлама бойынша енді әлеуметтік және медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер, мәдениет және спорт қайраткерлері пәтер алуға өтініш бере алады.

Жителям Нур-Султана вручили ключи от социальных квартир

«Ыстыққа, жауын-шашынға, аязға қарамастан еңбек етіп жатқан құрылысшыларымызға ерекше алғыс айтамын. Бұл ортақ жұмыс. Әрқайсыңызға амандық, денсаулық, табыс тілеймін. Қоныс тойы құтты болсын!» – деді сөз соңында елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Кілттерді тапсыру рәсімінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ағымдағы жылдың сегіз айында банктің бес мың салымшысы баспанаға қол жеткізгенін атап өтті. Ол сонымен қатар жаңа қоныстанушыларды құттықтап, белсенді ынтымақтастық үшін елорда әкімдігіне алғысын білдірді.

Дереккөз: satelliteneshs.kz

Бөлісу: