35 жасқа дейін: Алматыда жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталды

35 жасқа дейін: Алматыда жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталды

19 февраля 2020

1020


Жұмысшы жастар үшін «Алматы жастары 3.0» жаңа бағдарламасы әзірленді. Бұл туралы бүгін қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. law.kz .

2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Жұмысшы жастарға арналған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Алматы әкімдігі өз кезегінде алматылық жастарға арналған бағдарламаны қолға алды.

Біз жаңа «Алматы жастары 3.0» бағдарламасын әзірледік. «Алматы жастары» жаңа тұрғын үй бағдарламасының бірегейлігі төмен пайыздық мөлшерлемеде жатыр – 13 миллион теңгеге дейін несие жылдық 5 пайыздық жеңілдікпен беріледі, Сағынтаев айтты.

Бағдарлама бойынша несиені өтеу мерзімі төлем қабілеттілігіне қарай 3 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге жеке есептелетін болады. Бастапқы төлем — 10%.

Бұл бағдарламаға әкімдік 10 млрд теңге бөлді. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 3 млрд теңге бөлді. Бағдарламаға қатысушылар бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып ала алады.

Қала әкімі бағдарламаның мақсатты аудиториясы бюджеттік саланың жас қызметкерлері (35 жасқа дейінгі) екенін атап өтті. Бұл оқытушылар, дәрігерлер, университет оқытушылары, мәдениет, спорт өкілдері, журналистер мен ғалымдар.

Алматы – еліміздегі ең үлкен қала тұрғын үй қоры , 8,4 мың көппәтерлі үйлер. Тұрғын үй кезегіндегілер жыл сайын артып келеді. Бұл мегаполистің жалпы тартымдылығына байланысты. Бүгінде баспана кезегінде 25 533 азамат тұр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 мыңға артық.

Өткен жылы 3162 мұқтаж тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде 520 көп балалы отбасы және 114 балалар үйінің түлектері. Сондай-ақ, 2019 жылы 1050 жұмысшы жас жалдамалы пәтер кілтіне ие болды.

Жалпы, 2020 жылы 3810 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда. Оның ішінде бағдарлама бойынша мыңға жуық пәтер сатылады «Бақытты отбасы» , 1300-ден астам – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы.

Тұрғындардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету – әкімдіктің басты міндеттерінің бірі. Осы орайда Алматыда тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесіне ерекше назар аударылуда. Бүгінгі таңда апатты жағдайдағы 81 үйді сүріп, 700-ге жуық отбасына жаңа жайлы пәтер беру туралы келісімдер жасалды.

Дереккөз: https://www.law.kz/

Поделиться статьей:

19 февраля 2020

1020

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.