Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Қазақстандықтардың 750 млрд.теңге ХКСБ-дегі шоттарына жинаған

156
Spread the love

Ағымдағы жылдың 11 айында қазақстандықтар ХКСБ-да 352 137 жаңа депозит ашты. Жалпы, қазір 1,5 миллион қазақстандық өз жинақтарын мемлекеттік қаржы институтына сеніп тапсырады. Олар есепшоттарына шамамен 750 миллиард теңге жинаған. Бұл ретте әрбір HCSB клиентінің жинақтары банктің сыйақысымен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің жыл сайынғы сыйақысымен де ынталандырылады. Оның мөлшері 20% құрайды және ол 200 АЕК-ке тең депозит сомасынан алынады (2019 жылы 200 АЕК 505 000 теңгеге тең).

Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы қаражатты жинақтай отырып, жинақтаушылар кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін жылдық 2%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Биылғы жылы 45 464 HCSB клиенті қолжетімді баспана сатып алу мүмкіндігін пайдаланып үлгерді. Олар барлығы 479,3 млрд теңге көлемінде несие алған.

Бұл ретте несиелердің 35,6%-ы бастапқы нарықта, 60,2%-ы қайталама нарықта тұрғын үй сатып алуға берілген.

Тегтер:
Бөлісу: