Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Қызылордада аз қамтылған 100 көп балалы отбасы баспаналы болды

851
Spread the love

Қызылордада балаларды қорғау күні қарсаңында әлі күнге дейін қолайсыз жағдайда тұрып жатқан аз қамтылған, көп балалы 100 отбасы жаңа баспананың кілтін алды.

Олар Болат Өтемұратов атындағы қайырымдылық қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі бірлесіп жүзеге асырған «Баламекен» жобасы бойынша салынды.

«Жоба аясында біздің қор аз қамтылған көп балалы отбасыларға тұрғын үй салуға 450 миллион теңге бөлді. Біз шетте тұра алмай, адамдарға көмектесу керек деп шештік. Жоба рекордтық мерзімде жүзеге асты. 100 қызылордалық отбасының жазғы демалысы қоныс тойымен басталғанына қуаныштымыз», – деді Болат Өтемұратов атындағы қор қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман.

Әкімдіктің арнайы комиссиясы тұрғын үй алушылардың қолайсыз жағдайда тұрып жатқан көпбалалы отбасылардан – жалдамалы сарайлар, гараждар, уақытша үйлерді анықтады. Енді бұл отбасылар әлдеқайда жақсы жағдайда өмір сүретін болады.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 50 жаңа дуплексті тұрғын үйдің бақытты жаңа қоныстанушыларына салтанатты түрде кілттерін табыс етті. Яғни, әр үй екі отбасыға есептелген, әр отбасының жеке кіреберісі және алты сотық жері бар. Әкімдік биылғы жылы шағын ауданды кеңейтіп, 50 отбасыға арналған тағы 25 үй салуды жоспарлап отыр.

Дереккөз: Tengrinevs.kz

Бөлісу: