Қазақстандықтар баспананы белсенді түрде сатып ала бастады

Қазақстандықтар баспананы белсенді түрде сатып ала бастады

12 декабря 2018

378


Жалпы республика бойынша 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 10%-ға өсті.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Әділет министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстандағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің санына талдау жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Law.kz .

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 242 790 болғаны хабарланды.

2018 жылдың қараша айында тіркелген тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 23 460-ты құрап, өткен аймен салыстырғанда 14%-ға азайды.

Жалпы республика бойынша 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 10%-ға өсті.

Алматыда қараша айында 3787 тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі тіркелді. 2018 жылдың қараша айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда транзакциялар саны 10,1%-ға өсті. Астанада – 6,6%-ға. Транзакциялардың пайызы теріс нәтиже берген жалғыз аймақ Солтүстік Қазақстан облысы болып табылады.

Поделиться статьей:

12 декабря 2018

378

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу