Арыс қаласында 100-ден астам отбасы баспаналы болмақ

Арыс қаласында 100-ден астам отбасы баспаналы болмақ

26 сентября 2018

711


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында БАҚ өкілдері Арыс қаласында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен және құрылыс барысымен танысты, соның ішінде тұрғын үйлердің құрылысына куә болды.

Ең алдымен журналистер қазір салынып жатқан үш көпқабатты тұрғын үй «Көктем-2» шағын ауданында болды. Олардың әрқайсысы 36 пәтерге есептелген. Бұл тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттамасы 2015 жылы бекітілген. Қазіргі таңда жоспар бойынша 3 тұрғын үйдің құрылысы толығымен аяқталып, мемлекеттік қабылдау актілері қабылданды. Сондай-ақ, бұл тұрғын ауданда тағы үш 36 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй салынуда. Айта кету керек, бүгінде қалада 1300-ден астам азамат баспана кезегінде тұр.

Сонымен қатар, БАҚ өкілдері жақында құрылыс жұмыстары аяқталған спорт алаңында болды. Жобаның жалпы құны 60 миллион теңгені құрады. Нысанның құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталды.

Поделиться статьей:

26 сентября 2018

711

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.