Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Құрылыс секторындағы инвестиция көлемі бойынша Атырау облысы көш бастап тұр

241
Spread the love

2018 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 1,4 трлн теңгеге өсіп, 5,5 трлн теңгені құрады.

Құрылысқа салынған инвестиция да жыл ішінде артып, 40 млрд теңгені құрады (бір жыл бұрын – 35,2 млрд теңге). Құрылыс саласына салынған инвестициялардың өткен жылғы 13,6%-ға тұрақты өсуіне қарамастан, олардың жалпы инвестициядағы үлесі 0,9%-дан 0,7%-ға дейін төмендеді.

Бұл үрдіс жылдан жылға жалғасып келеді. Мәселен, 2013-2018 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс секторына салынған инвестиция 39,8%-ға өсті, ал олардың үлесі 1%-дан 0,7%-ға төмендеді.

Өңірлер бойынша құрылысқа салынған негізгі инвестициялар Атырау облысында шоғырланған – секторға салынған барлық инвестицияның 30,1%-ы (12,05 млрд. теңге).

Алматыда 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында құрылыс қажеттіліктеріне 6,4 млрд теңге бөлінді (бір жыл бұрын – 5 млрд теңге).

Салаға салынған инвестиция көлемі бойынша ТОП-3 өңірді жабады Алматы облысы – 4,3 млрд теңге (бір жыл бұрын – 2,4 млрд теңге). Аталған өңірлер барлық инвестицияның 56,9%-ын (22,8 млрд. теңге) құрайды.

Құрылыс секторын қаржыландырудың негізгі көзі – компаниялардың меншікті қаражаты (96%). Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында меншікті қаражат есебінен 38,4 млрд теңге инвестицияланды (өсім 15,9%).

Қарыз қаражаты екінші маңызды инвестициялық бап болып табылады: 1,04 млрд теңге (бір жыл бұрын – 405,6 млн теңге).

Бюджеттен небәрі 71,9 млн теңге инвестиция тартылған.

Дереккөз: http://www.energoprom.kz

Бөлісу: