Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

«Мұқтаж жандарға жер телімдері беріледі»

238
Spread the love

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов тікелей эфирде тұрғындардың жер телімдерін бөлу, тұрғын үй құрылысына қатысты сұрақтарына жауап беру барысында айтты.

– Ұзақ жылдардан бері жер телімдерін беру үшін ұзын-сонар кезек болып келдік. Олар соңғы рет 2011 жылы бөлінді. Одан кейін қазіргі «Сарыарқа», «Көкжиек» ықшамаудандарына коммуникациялар тартылмаған. Осы уақыт ішінде біз бұл аудандарға су, жылу, электр, инженерлік желілерді тартып келдік. Жолдар, мектептер, балабақшалар, емханалар салынды. Сондықтан инфрақұрылым дайын болмайынша жер телімдері берілмейді. Бұл бірінші.

Екіншіден, жер телімдері бар кезекте тұрған азаматтар көп. Ең алдымен, біз өте мұқтаж жандарға учаскелерді бөлуіміз керек.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пайдаланылмай жатқан 200 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді алдымызда осы жерлерге инженерлік желілерді тарту міндеті тұр, содан кейін учаскелер бөлінеді.

Сондай-ақ жеделдетуге байланысты осы мәселе бойынша биыл Оралда «7-20-25» бағдарламасы аясында 21 тұрғын үй, өңірлерде 88 үй салынады. Бұл жұмыстар жыл сайын табысты жалғасын табады, деді ол.

Дереккөз: http://vko.gov.kz/

Бөлісу: