Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 13 отбасы жаңа баспанаға ие болды

216
Spread the love

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласының тұрғындары қоныс тойын тойлауда.

Су тасқынынан зардап шеккен 13 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Todai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті билік 28 отбасына баспана сатып алып, оған 118 миллион теңге жұмсалды. Қазір Аягөзде Семей мен Тарбағатай өңірінің бес құрылыс компаниясы жаңа үйлер салып жатыр.

Сәуірдің 20-сы күні 13 отбасы кілтін алса, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «ҚҰФ Қазақстан» ЖШС қосымша екі баспанаға ие болды.

Әкімдік қазір Аягөзде тағы 12 үй бақылауға алынғанын, ал 15 үйде үй иелерінің өтініші бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Бөлісу: