Астана іргесіндегі елді мекендерде арзан баспана салынады

Астана іргесіндегі елді мекендерде арзан баспана салынады

27 февраля 2018

973


Ақмола облысында тұрғын үй құрылысының өскені атап өтілді.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

2017 жылы облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 426 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 3640 отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин халық алдындағы есептік кездесуінде мәлім етті.

7 жалдамалы үй және 5 несиелік үй – 361 пәтер пайдалануға берілді. Жеке тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқыны 130 пайызды құрап, 250 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Биыл 28 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде 16 жалға беру және 12 несиелік.

«Сонымен қатар, «Есіл» ӘКК арзанырақ тұрғын үй – Ақмол ауылында 10 көппәтерлі тұрғын үй және Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылында 200 жеке тұрғын үй құрылысының тетігін іске қосуда», — деді аймақ басшысы.

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында құрылысы, дайын инфрақұрылымы бар 360 жер телімі бөлінді, оның ішінде 168 — бірінші рет облыс орталығында.

Облыс әкімінің айтуынша, биыл 2400 жер телімін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Поделиться статьей:

27 февраля 2018

973

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу