Өскемен мен Семейде жаңа шағын аудандар пайда болады

Өскемен мен Семейде жаңа шағын аудандар пайда болады

26 февраля 2018

2135


Шығыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үйлерден шағын аудандар пайда болады.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов халықпен есеп беру кездесуінде айтты.

Оның айтуынша, жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға облыстың 29 мың тұрғыны кезекте тұр.

Осы сұранысты қанағаттандыру үшін Семей мен Өскеменде жаңа тұрғын үй алаптары пайда болады. Өскемен қаласындағы No28 ауданға, Семей қаласындағы Ақсай, Үшақтар, Комсомол аудандарына ішкі және магистральдық желілерді қосу үшін ЖСҚ әзірленуде.

Биыл облыста жалпы ауданы 1,3 миллион шаршы метр тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның 400 мың шаршы метрі жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.

Жаңа кварталдардағы үйлер 11 типтік жоба бойынша біртұтас архитектуралық стильде салынады. Осылайша әр ауданның өзіндік сәулеттік келбеті болады.

Поделиться статьей:

26 февраля 2018

2135

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу