Назарбаев: Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын банктер қаржыландыруы керек
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тұрғын үй құрылысын екінші деңгейлі банктер қаржыландыруы керектігін айтты.
«Екі жыл ішінде мемлекет тұрғын үй құрылысына 550 млрд теңге бөлді. Әкімдер жүзеге асыратын құрылысты тікелей қаржыландыру. Дағдарыс жылдарында, біз Жол картасын жасап жатқанда, көмектесуге тура келді – бұл дұрыс болды. Бірақ қазір бұл ақшаның нарықтық тетіктерін пайдалануға көшу керек. Құрылысты банктер қаржыландыруы керек, ал Үкімет, Ұлттық банк, әкімдер баспана құнын төмендетуге жағдай жасауы керек», – деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды ІІМ. ҚазАқпарат .
Мемлекет басшысы мұндай схемамен бюджет ақшасына бақылау болатынына сенімді – банктер бұл ақшаға жауапты, оны қайтарып, Үкіметке есеп береді.
«Әкімдерге сенбегендіктен емес, әкімдердің қарамағында адамдар көп. Сапа ойнайды, ұрлық болады», – деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.