Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Инвесторлар есебінен аяқталатын проблемалық тұрғын үй кешендері (тізім)

242
Spread the love

Қала билігі қай нысандардың инвесторлармен келісім-шартқа отырғанын және құрылысты мемлекеттің қатысуынсыз аяқтайтынын айтты.

Астана әкімдігінде өткен атқарушы кеңесте тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу және проблемалық нысандардың құрылысын аяқтау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы.

«4 нысан: «Рух» тұрғын үй кешені, «Көктал» ТК, «Көктал» ТК және «Аниса 2.3» тұрғын үй кешені жеке инвесторлармен бірлескен қызмет туралы келісімге отырды және «Нұрлы жер» бағдарламасының қатысуынсыз құрылысты аяқтайды», – деді Сергей Хорошун.

Ведомствоаралық комиссияның үш отырысының қорытындысы бойынша 12 TK анықталып, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымының қарауына ұсынылды. Несие қаражаты есебінен олардың құрылысын аяқтау мүмкіндігі талқылануда:

– «Жағалау-3» TK;
– «Жағалау-4» TK;
– «Шығыс» TK;
– «Капитал-2» TK;
– «Пана» TK;
– «Айсанам де люкс» тұрғын үй кешені;
– «Бақша кварталдары» TK;
– «Гарант» TK;
– «Comfort De Luxe» TK;
– СК «Жеті Жол»;
– «Комсомольский» TK;
– «Әулет» TK.

«Барлық тұрғын үй-құрылыс кооперативтерімен жалпы жиналыс ұйымдастырып, «Азбука жилья» АҚ нысандары үшін әлеуетті инвестордың бар немесе жоқтығын аяқтау алгоритмі бойынша түпкілікті шешімді анықтау ұсынылады», – делінген әкімдіктің сайтында.

Бөлісу: