Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Қостанайдағы жағалауды қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталады?

330
Spread the love

Қостанайда Тобыл өзенінің оң және сол жағалауын абаттандыру бойынша екі жоба аяқталды. Биылғы жылы құрылыстың екінші кезеңін бастап, нысанды 2020 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұл туралы Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов халықпен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ІІМ. ҚазАқпарат .

Ол атап өткендей, қалада аумақтарды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

«Тобыл өзенінің оң және сол жағалауын (бірінші кезең) абаттандыру бойынша 498 млн теңгеге екі жоба аяқталды. Оң жағалауда жағажай аймағын, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы жағажай волейболы мен футбол алаңдарын жабдықтау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сол жағалауды абаттандыру (екінші кезең) және 725 миллион теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарланған», – деді Базыл Жақыпов.

Айта кетерлігі, Қостанай жағалауын абаттандырудың екінші кезеңі жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алып үлгерді.

«Үшінші кезеңнің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Осылайша, 2020 жылға қарай жағалауды абаттандыруды аяқтауды жоспарлап отырмыз Тобыл өзенінің аймағы Тәуелсіздік көшесінен Пролетар көшесіне дейін», – деп түсіндірді қала әкімі.

Бөлісу: