Оңтүстік Қазақстан облысында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 36 пайызға артты.

Оңтүстік Қазақстан облысында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 36 пайызға артты.

29 января 2018

889


Оңтүстік Қазақстан облысында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 36 пайызға артты.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы ауданы 721 мың шаршы метрді құрайтын 7 482 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 36,2%-ға артық.

«2017 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 234 145 млн теңгені құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артық. Айта кету керек, құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің 54,3 пайызы тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың құрылысына тиесілі», — деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков.

Еске салайық, 2017 жылы республикада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің 6,5 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиген. 2016 жылмен салыстырғанда облыс өсу қарқыны бойынша республикада екінші орында.

Поделиться статьей:

29 января 2018

889

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.