Шымкентте барлық ғимараттарды ерекше көрсеткісі келеді
Шымкентте 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына дайындық жұмыстары басталып кетті.
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен жиын өтіп, онда қаланы жан-жақты дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қаланың сәулеттік келбетін ретке келтіру, мәдениет нысандарын салу, абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту мәселелері қаралды.
Жиынға қала әкімі Нұрлан Сауранбаев, облыс және қала әкімінің орынбасарлары, жауапты аудандар мен басқарма басшылары қатысты.
Жиынды ашқан аймақ басшысы ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін алу үлкен мәртебе, сонымен қатар жауапкершілік екеніне тоқталды. Осыған орай облыс әкімі аталмыш шараға дайындықты жоғары деңгейде бастауды тапсырды.
«Біріншіден, жоспарды бекіту керек қаланы дамыту іс-шараларын жүргізіп, жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру үшін арнайы карта әзірлеу қажет. Көпқабатты үйлердің қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуі керек. Сонымен бірге, қала қонақтары мен тұрғындарының жайлы уақытын өткізуді қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақтар мен Арбат салуды тапсырамын. Сондай-ақ, «ескі қала» аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтатпау керек», – деді Түймебаев.
Осылайша, алдағы үш жылда қала тек көркейеді.
Мәселен, қала орталығында Арбат пайда болып, қаланың жаңа бағытта дамуына жол ашатын Shymkent City жобасы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында Шымкентте ескі қала аумағында ашық аспан астындағы мұражай салынып, көшеттер егіледі. Шатқал 2020 жылға қарай жасыл белдеуді қалыптастырып, саябақтарға айналады.
Сонымен қатар, жақын арада қаланың жасыл аймағының аумағын 18 мың гектарға дейін ұлғайту, сондай-ақ қаладағы барлық ғимараттарды ерекшелеу, сол арқылы Шымкенттің сәулеттік-көркемдік жарықтандыруын жақсарту жоспарлануда.