Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Шемонаихада оңтүстіктен келген босқындарға арналған үйдің құрылысы аяқталуда

254
Spread the love

Шығыс Қазақстандағы Шемонаиха қаласына еліміздің түкпір-түкпірінен 36 отбасы көшіп келсе, тағы 33 отбасы күні-түні осында кезекте тұр.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Шемонаихада жұмыс күші көп өңірлерден келгендер үшін арнайы бес қабатты 60 пәтерлік үй салынып жатыр. Құрылысты қаржыландыру Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының төртінші бағыты аясында жүзеге асырылуда.

Облыстық Жұмыспен қамту орталығының мамандары ел аралап, халықты шақырып, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізіп, сұхбат жүргізді. Облыста медицина саласы мамандарының, қазақ тілін білетін мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары мен тәрбиешілерінің тапшылығы өткір сезіледі. Келушілердің басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарынан, Маңғыстаудан.

Бөлісу: