Атырау-Астрахань және Атырау-Ақтөбе жолдарын қайта жөндеу жұмыстары қашан басталады?

9 января 2018

1037


Атырау облысында 2018 жылы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасады.

«Биыл облыстық және аудандық маңызы бар 60 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда. Сондай-ақ Атырау – Астрахань және Атырау – Ақтөбе республикалық жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар алдағы көктемге жоспарланған. Сондай-ақ, қаланың 207 көшесіне және қала маңындағы елді мекендерге жаңадан жол төсеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Олардың жалпы ұзындығы 220 шақырымды құрайды», — деді Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев.

2017 жылы облыста 86 шақырым облыстық және аудандық маңызы бар жол жөнделді. Сондай-ақ ауыл ішіндегі 267 шақырым жол төселді.

Поделиться статьей:

9 января 2018

1037

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу