Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Ақтөбеде тұрғын үй құрылысы айтарлықтай артады

278
Spread the love

Ақтөбе қаласын дамыту қорытындыларына арналған жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі тұрғын үй құрылысының көлемін арттыруға уәде берді.

«Биыл біз алғаш рет 750 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға береміз. Келесі жылы немесе анық 2019 жылы бұл көрсеткішті 1 миллион шаршы метрге жеткіземіз», – деді облыс әкімі.

Өздеріңіз білесіздер, Ақтөбе облысында тұрғын үйге сұраныс жоғары. Облыстың 150 мың тұрғыны жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу кезегінде тұрса, оның 120 мыңы Ақтөбе қаласында. 2017 жылы кезекте тұрғандарға 15 мыңға жуық жер телімін беру жоспарланған болатын.

Бөлісу: