Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Петропавлда жаңа балабақша ашылды

406
Spread the love

Петропавлда салынып жатқан «Орман» шағын ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында 140 орындық балабақша пайдалануға берілді.

Мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. «Ақ қайың» балабақшасында – 7 топ. Балалармен 48 мұғалім жұмыс жасайды. Топтардың барлығы бюджеттік, – деп жазады ҚазАқпарат .
Аумағы 2000 шаршы метрден асатын балабақшаның құрылысы ағымдағы жылдың ақпан айында басталған. Құрылысқа 500 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.
«Бұл біздің үшінші балабақшамыз. Олардың барлығы Мемлекет басшысының саясатының арқасында қабылданған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша салынды. Мен бірнеше рет біздің кәсіпкерлерге МЖӘ артықшылықтары туралы айттым. Мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілді. Петропавлға балабақшалар қажет болса, біз салуға дайынбыз», – дейді серіктестік директоры Гарик Бернецян.

Бөлісу: