Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Атырауда екі ауыл сатылымға шығарылады

285
Spread the love

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырауда екі бөлек елді мекен салынады.

Тұрғын үй кезегінде тұрған қала тұрғындарына ауылдардан үй алу ұсынылады, – деп жазады. ҚазАқпарат .

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қала іргесіндегі Талғайран ауылының ауданында бір қабатты және екі қабатты жеке тұрғын үйлердің құрылысы басталады. Олардың 80-і болады – тұтас бір ауыл. Сондай-ақ Зарослы ауылының маңында жеке тұрғын үй құрылысына 300 жер телімін дайындау жоспарлануда. Бұл үйлерді баспанаға кезекте тұрғандар сатып ала алады», – деді РСК брифингінде қалалық жер қатынастары бөлімінің өкілі Нұрлан Халмурзин.

Жер учаскесін алу кезегіне 85 мыңнан астам өтініш тіркелген. Орта есеппен ай сайын тағы 2000-3000 өтініш түседі.

Бөлісу: