Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Құрық портының жұмысшылары үшін жатақхана салынды

243
Spread the love

Маңғыстау облысында Құрық портының жұмысшыларына арналған жатақхана ашылды.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында тағы бір маңызды нысан пайдалануға берілді. Бұл стратегиялық маңызды нысан – Құрық портындағы жұмысын жалғастыратын ауылыңыздың еңбекшілеріне арналған жатақхана», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Құрық ауылындағы жатақхана 500 орынға есептелген. Бес қабатты жатақханада жұмысшыларға 2-3 адамға арналған жатын бөлмелер беріледі. Сондай-ақ, асхана, конференц-зал, демалыс бөлмелері және көліктерге арналған тұрақ бар. Әкім Ералы Тоғжанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің өсуінде Қарақия ауданының рөлі ерекше екенін атап өтті. Биыл ауданда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2,5 млрд теңгенің 23 жобасы аяқталды.

«Өздеріңізге белгілі, екінші кезең аяқталып, пайдалануға берілді. Құрық паром кешені. Жалпы, ағымдағы жылы порт 1,5 миллион тоннадан астам жүкті ауыстырып тиеуді қамтамасыз етті. Келесі жылы бұл көрсеткіш 2 есеге артады деп күтілуде», – деді әкім.

Бөлісу: