Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Назарбаев әскерилерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге қол қойды

256
Spread the love

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, заң әскери қызметтің беделін, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік-құқықтық жағдайын арттыруға бағытталған.

Еске салайық, 22 қарашада Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Қорғаныс министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандық армияның әскери қызметшілерінің жалақыны көтеру туралы шешімі үшін алғыс сөздерін жеткізді. Сонымен қатар, Сәкен Жасұзақов Қазақстан Президентіне жалға берілетін тұрғын үй тетіктерін және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін пайдалану арқылы әскери қызметкерлердің тұрғын үй мәселесін шешудің алдағы қадамдары туралы айтып берді.

Бөлісу: