18 миллионыншы қазақстандық әйел сыйлыққа пәтер алды

18 миллионыншы қазақстандық әйел сыйлыққа пәтер алды

5 декабря 2017

1034


Мереке алдындағы қоныс тойын еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны сәби Мүслима Саматқызының отбасы тойлады.

Үш бөлмелі пәтердің кілтін облыс әкімі Амандық Баталов табыс етті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

18 миллионыншы тұрғынмен бірге Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс ауданында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 55 пәтерлік коммуналдық тұрғын үй мен 64 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйден баспаналы болған 100-ден астам талдықорғандық қоныс тойын тойлады. .

Жаңа қоныстанушыларды қуанышты оқиғамен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

«Мемлекет басшысы халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне үлкен көңіл бөлуде. Міне, бүгін Тұңғыш Президент күні қарсаңында Сіздерге жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап отырғаныма қуаныштымын. Баршаңызды өміріңіздегі осы қуанышты және көптен күткен оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызда татулық, келісім, жайлылық пен береке болсын», — деді Баталов.

Поделиться статьей:

5 декабря 2017

1034

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.