Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

65 әскери қызметші жаңа пәтерлердің кілтін алды

222
Spread the love

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 60-тан астам әскери қызметкері жаңа қызметтік пәтерлердің кілтін алды.

Бұл туралы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мереке қарсаңында Алматыда ондаған отбасы күрделі жөндеуден өткен қызметтік жатақханадан пәтер алып, қоныс тойын тойлады. Алматы қаласы, Жұбанов, 10 А мекен-жайында орналасқан және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында пайдалануға берілген бұл сервистік жатақханада 65 пәтер бар. Онда кезекте тұрған әскери қызметшілер баспаналы болды», – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайрат Ақтанов әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін жеке құттықтап, әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдаудың маңызы зор екенін атап өтті. Қазақстан халқы, қаланған ел президенті.

Бөлісу: