Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Екібастұз тұрғындары жаңа пәтерлердің кілтін алды

245
Spread the love

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған алғашқы үйге алғашқы пәтер алушылар қоныстанды.

Банк салымшыларына пәтер кілттерін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының директоры Талғат Байылов табыс етті.

«Алғашында бір шаршы метрдің құны 115 000 теңге болатын. Бірақ біздің инвесторлар – орташа жалақысы 80 000 теңге болатын екібастұздықтар үшін бұл тиімсіз болды. Мәселені шешуді сұрап, облыс әкімдігіне жүгіндік. Аймақ басшысы бұл мәселеге түсіністікпен қарады, нәтижесінде клиенттеріміз арзан бағамен пәтер алып, енді қоныс тойын тойлауға дайын», – дейді Талғат Байылов.

Бір бөлмелі пәтер үшін орташа айлық несие төлемі 28 000 теңгені құрайды, деп хабарлады қаржы мекемесі.

Жаңа бес қабатты үй 80 пәтерге есептелген.

Бұған дейін өнеркәсіптік Екібастұзда әлеуметтік тұрғын үйлер салынбаған. Кілттер құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпорын қызметкерлері пәтерлерден алды. Оларға арналған баспана шаршы метрі 90 мың теңгеден сатылды.

Жаңадан келген адамға бір бөлмелі пәтер орташа есеппен төрт миллион теңге тұрады.

Қазір 150 мың тұрғыны бар Екібастұзда қаланың әрбір 15-ші тұрғыны баспана алу үшін осы банкте ақша жинап жатыр.

Оларға 2018 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша тағы үш үй салынады.

Бөлісу: