Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстанда 6,5 мың отбасына 19 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді

194
Spread the love

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Асар» қайырымдылық акциясы аясында биыл 8 отбасы баспаналы болды. Бұл бастама жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 6500 отбасына жалпы сомасы 19 миллион теңгеден астам көмек көрсетілді, – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек, – деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі. деп хабарлады облыс әкімдігі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдігінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» шарасы аясында тұрғындарды үнемдеуге үгіттеу мақсатында үндеу қабылданды. Бүгінде бұл бастама жұртшылық тарапынан кеңінен қолдау тауып отыр. Сондай-ақ, қайырымдылық шараларына көбірек көңіл бөлінуде.

«Мәселен, «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынған тізім бойынша ауылдық мешіттердің ұстаздары мен имамдарына қайырымдылық көмек көрсетті. Қажетінше көрсетілетін ай сайынғы қайырымдылық көмектің мөлшері орта есеппен 50-60 мың теңгені құрайды. 2018 жылы облыс бойынша 1782 мешіт қызметкеріне көмек көрсету жоспарлануда», – деді Керімбек.

Бөлісу: