Алматы айналма жолының құрылысы қашан басталады?

Алматы айналма жолының құрылысы қашан басталады?

8 ноября 2017

838


Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы 2018 жылы басталады.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы мен пайдалануы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі аясындағы жобалардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні тараптар келісім-шарттың барлық негізгі шарттары бойынша өзара келісімге келді, келіссөздер аяқталу сатысында.

Келісімді жасасуды жеделдету мақсатында министрлік, консорциум және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«Барлық дайындық және келіссөздер жұмыстары аяқталды. Желтоқсанның 5-іне дейін бұл жоба бойынша донор банктер өздерінің несие комитеттерін өткізеді деп жоспарлап отырмыз, ал 5 желтоқсанда концессия туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отырмыз. Бірден жұмылдыру жұмыстары басталады. Біз Келесі жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай бұл учаскеде де құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлап отырмыз», — деді Қасымбек сейсенбі күні үкімет отырысында.

Жиында таратылған материалдарға сәйкес, құрылыс 2018-2021 жылдар аралығында жүргізіліп, жобаның құны 512 млрд теңгені құрайды.

Поделиться статьей:

8 ноября 2017

838

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.