Ортақ құрылыста қай өңірлер белсенді
Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорына өңірлерден құрылыс компаниялары белсенді түрде жүгінуде.
Бұл туралы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ басқарма төрағасы Дәурен Оңаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Forbes .
«Осы жылдың ішінде бізге 40-қа жуық компания жүгінді, олардың үштен біріне жуығы өңірлерден келген компаниялар. Бұл Қарағанды облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Ақтөбе облысы. Бұл аймақтар қазір белсенділік танытуда, олардың әрқайсысы үшін кем дегенде екі-үш әзірлеуші туралы айтып отырмыз. Біз олармен диалог жүргізіп жатырмыз, бұл жерде тағы да орталықтан қашық болу факторы әсер етеді. Яғни, бұл құрылысшылар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңды естіп, бізге хабарласты, біз оларға түсіндірдік. Қазір олар заң талаптарына сәйкес құжаттамалары мен жоба бойынша жүргізетін барлық кезеңдерін пысықтап жатыр», – дейді Дәурен Оңаев.
Сондай-ақ, ол құрылыстың бастапқы кезеңінде Қорға хабарласуға болатынын айтты.
«Кезеңдерге келетін болсақ, нөлдік деңгейде келуге болады, бірақ Бұл ретте олардың мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы болуы керек. Олардың жобалық-сметалық құжаттары дайын болуы керек және бұл жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуі керек. Жеке сараптама да сәйкес келетін талаптар бар, яғни бұл сәйкес ведомстволық емес сараптама. Яғни, бұл жобаның көлеміне қарай мемлекеттік сараптама ғана емес болуы мүмкін», – деп түсіндірді Дәурен Оңаев.