Жас алматылықтар жеңілдетілген ипотекаға сене алады
Алматыда әлеуметтік саланы дамытуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржының тек 1 миллиарды ғана жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталады.
Бұл туралы 6 қазанда мәслихат сессиясында Алматы қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Илья Өсеров мәлім етті.
Жас алматылықтарды пәтермен қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жастарға тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікпен несие беру тетігін пайдалану ұсынылып отыр.
Несие жылдық 5 пайызбен беріледі.
Сонымен қатар, ақша несиелік тұрғын үй құрылысына (2017 жылы 47 тұрғын үйді төсеу) және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Саялы-2» шағын ауданында алты тұрғын үйдің құрылысын бастауға бөлінеді.
Қазіргі таңда 442 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олар жұмысты келесі жылы да жалғастырамыз, соған байланысты аулаларды абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тағы 39,5 миллион теңге бөлінетінін айтып отыр.