«ҚазТрансГаз Аймақ» борышкерлерді газсыз қалдыруы мүмкін

«ҚазТрансГаз Аймақ» борышкерлерді газсыз қалдыруы мүмкін

29 сентября 2017

1095


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев газ бойынша орасан қарыздар компания үшін үлкен салмаққа айналғанын атап өтті.

Өткен жылы жылу беру маусымының аяқталуы бойынша қарыз 21 млрд теңгені құраған, деп жазады Forbes .

«Бұл біздің компания үшін өте үлкен жүк. Бүгінгі күні қарызды 12 млрд теңгеге қысқарттық», — деді Манас Тасыбаев.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдар борышкерлермен жұмыс жүргізуде.

«Негізінен қарыздар ірі отын-энергетикалық компаниялар, бұл, әрине, біздің тұтынушыларымызға әсер етпейді, бірақ мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тұрақты төлемейтіндерге олардың газсыз қалуы мүмкін екенін ескерткім келеді. Тұтынған газдың ақысын төлеу керек», — деді Манас Тасыбаев.

Поделиться статьей:

29 сентября 2017

1095

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу