Image
Жаңалықтар Homsters.kz
Бөлісу:

Кезекте тұрғандар Ақмола облысында жаңа баспана алады

286
Spread the love

Ақмола облысы Жақсы аудан орталығында 18 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар, негізінен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары, жаңа пәтерлерге ие болады. Forbes .

Жұмыс ағымдағы жылдың 8 шілдесінде басталды. Қазір іргетас, жертөле қабырғалары, армобелдік орнату жұмыстары аяқталды, жертөлені жабу бойынша монтаж жұмыстары жүргізілуде, бірінші қабаттың қабырғаларына құмблок жеткізілді. Құрылысты «Мохаммед-2007НС» компаниясы жүргізіп жатыр.

Аудан бойынша кезекте 189 адам тұрса, оның 154-і халықтың әлеуметтік осал топтарынан.

Бөлісу: