«Сергек» камералары Астана тұрғындарының терезесіне қарамайды

«Сергек» камералары Астана тұрғындарының терезесіне қарамайды

22 сентября 2017

926


Бүгінге дейін Астанада 3000 «Сергек» камерасы орнатылды.

Елорданың Инвестициялар және даму басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров қаланың барлық аумағында орнатылған жаңа «Сергек» қылмысты анықтау камералары азаматтардың жеке өміріне кедергі келтірмейтініне сендірді», — деп хабарлайды ҚазАқпарат. Todai.kz .

«Жеке өмірге араласу болмайды. Барлығы қауіпсіздік мақсатында. Біз адамдарды бақылайтын камералар орнатпаймыз. Адамдардың жаппай жиналатын орындары – көшелер. Камералар қоғамдық орындарда не болып жатқанын бақылайтындай етіп орнатылған. Онда бұрыштар пәтерге қарауға болмайтындай етіп орнатылған. Олар адам көп жиналатын жерлерге және көшелерді қарауға болатындай етіп ең биік орындарға орналастырылған», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бейнебақылау камералары 2017 жылдың 15 қыркүйегінде жұмысын бастады.

Поделиться статьей:

22 сентября 2017

926

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу