Қазақстанда «ақылды» қалалар дамытылады

Қазақстанда «ақылды» қалалар дамытылады

21 сентября 2017

521


Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ақылды қалаларды дамытудың оң мысалы ретінде Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларын атады.

Үкімет отырысында ол Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне «ақылды» өңірлік орталықтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. Todai.kz .

«Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбедегі смарт қала жобалары басқа қалаларға үлгі болуы керек. Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне барлық облыс орталықтарына қолданылатын «ақылды» қалалардың үлгі тұжырымдамасын қалыптастыруды тапсырамын», — деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ министрлікке 1 қазанға дейін Ресей және Беларусь елдерімен цифрландыру саласында бірлескен жұмыс бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Премьер-министр «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қараша айының соңына дейін пысықтап, үкімет отырысына шығару қажет екенін атап өтті.

Поделиться статьей:

21 сентября 2017

521

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу