Image
Жаңалықтар
Бөлісу:

Депутат «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 50-ден 10 пайызға дейін төмендетуді ұсынып отыр.

358
Spread the love

Депутат Дәулет Мұқаев жалпы отырыста «Жас отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаның 10 пайызын белгілеуді ұсынды. Оның пікірінше, көптеген мәселелер, соның ішінде ажырасулар дәл баспана мәселесінен туындайды.

«Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің мәліметтері бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан. Бұл отбасылы жастардың 40 пайызға жуығы ажырасып кетеді деген сөз. Ажырасудың басты себебі – материалдық мұқтаждық, бірінші орында баспана», – деді депутаттық сауалын жеткізген Дәулет Мұқаев.

Дәулет Мұқаевтың айтуынша, 50 пайыз түріндегі адам төзгісіз жарнаны 10 пайызға дейін төмендету керек.

«Сондықтан, мемлекеттік деңгейде бүгінгі күні «Отбасы банкі» жүзеге асырып жатқан «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаның 10 пайызынан аспауды ұсынамын, бастапқы жарна 50 пайызды құрайды. Мұндай қаражат жинау көбіне жастардың қолынан келмейді», – деп қосты депутат.

 

Бөлісу: