Құрылыс кодексінің жобасы 2023 жылдың соңына дейін Парламентке ұсынылады

Құрылыс кодексінің жобасы 2023 жылдың соңына дейін Парламентке ұсынылады

6 апреля 2023

682


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев еліміздің Құрылыс кодексін әзірлеу жұмыстарының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды  МИА «Казинформ» тілшісі.

«Құрылыс кодексін әзірлеу мақсатында Жұмыс тобы құрылып, кезең-кезеңімен іс-шаралары бар Жол картасы бекітілді. Ірі салалық қауымдастықтардың (10-ға жуық) және салалық мекемелердің («Градкадастр» РМК, МКҚК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «КазЦентрЖХХ» АҚ) өкілдерімен бірлесіп кодекс жобасының бірінші жобасы әзірленді, оны осы айда қоғамдық талқылауға шығаруды жоспарлап отырмыз. », — деді Марат Қарабаев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін жобаны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу жоспарлануда.

«Жалпы, Құрылыс кодексі төрт заңды біріктіреді және жоспарлаудан пайдалануға дейінгі жұмысты қамтитын құрылыс процесінің толық өмірлік циклін қамтитын сегіз кодекске түзетулер енгізуді көздейді», — деп қосты министр.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шекаралас аймақтарға қоныстанғысы келетін азаматтарымыз үшін арзан баспана мәселесін шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырған болатын.

Поделиться статьей:

6 апреля 2023

682

Тегтер:

Барлық жылжымайтын мүлік
бір қосымшада

Тегін орналастырыңыз және жылжымайтын мүлік табыңыз
Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға немесе жалға алуға

Қосымшаны жүктеу Сайтта қалу