Image
Ақтау
Бөлісу:

Жаңаөзендегі жарылыс салдарынан баспанасынан айырылған отбасылардың барлығына пәтер берілді

535
Spread the love

Жаңаөзенге жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев көпқабатты тұрғын үйдегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына барды, деп хабарлайды info.homsters.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚазМұнайГаз басшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.

«Бұл үлкен трагедия. Сіздердің қазаларыңыздың қайғысына ортақпыз және күш-қуат пен қайрат тілейміз. Біз де шеттете алмай, Елбасының тікелей тапсырмасымен баспанасыз қалған барлық отбасыларға пәтер сатып алдық. Бұл тым болмаса, осы қиын уақытта біз сізге көмектесе алар едік», – деді ҚМГ басшысы қаза тапқандардың туыстарымен әңгімелесу барысында.

Қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан баспанасынан айырылған 9 отбасына тұрғындар санына қарай ҚМГ екі екі бөлмелі, бес үш бөлмелі және екі бес бөлмелі пәтер сатып алды, деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі.

Бөлісу: