БҚО-да тұрғын үй құрылысына 11 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

БҚО-да тұрғын үй құрылысына 11 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

31 мая 2023

672


Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 32 мың адам баспана кезегінде тұр. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев мәлімдеді.

«Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға 11,3 млрд теңге бөлінді. Өңірде бөлінген қаржыға 15 көппәтерлі тұрғын үй және ауылдық жерлерде 42 тұрғын үй, барлығы 2377 пәтердің құрылысы қарастырылған. Жыл қорытындысы бойынша 30 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 893 пәтер. Оның ішінде 7 көппәтерлі тұрғын үй Орал және Ақсай қалаларында болса, 23 тұрғын үйдің құрылысы ауылдық жерлерде жоспарланған», — деді Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға 1,7 млрд теңге қарастырылған. Бөлінген қаржыға Оралда 178 пәтер сатып алу жоспарлануда.

«Нәтижесінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін 1071 пәтер пайдалануға беріледі», — деп түйіндеді спикер.

Дереккөз: inform.kz

Поделиться статьей:

31 мая 2023

672

Тегтер:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте
Otau.homsters.kz
Құпиялылыққа шолу

Бұл веб-сайт cookie файлдарын пайдаланады, осылайша біз сізге ең жақсы пайдаланушы тәжірибесін бере аламыз. Cookie ақпараты браузеріңізде сақталады және веб-сайтымызға оралған кезде сізді тану және веб-сайттың қай бөлімдері сізге ең қызықты және пайдалы екенін түсінуге көмектесу сияқты функцияларды орындайды.